Қазақстандағы донорлық трансплантация алғаш туыс адамдар арасында жүргізіледі - Ұлттық медициналық холдинг

None
None
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстанда трансплантация мәселесі өте күрделі», -дейді «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Тамара Ващенкова. Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған брифингте мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде елімізде трансплантация мәселесін жетілдіруді көздейтін арнайы бап бар. Сондай-ақ Елбасы биылғы жылғы Жолдауында ұлттық медициналық холдингіне трансплантация шараларын биылдан бастап жүзеге асыруды тапсырды. «Бүгін біз жария етіп отырған сүйек кемігіне аутологиялық трансплантация жасау жұмыстары осы бағыттағы алғашқы қадамдар десе болады. Енді біз биыл бүйректің трансплантациясын жасаймыз деп жоспарлап отырмыз. Ал донорлық органдарға келетін болсақ, бұл мәселеде біршама проблемалардың бар екендігі рас», -дейді басқарма төрағасының орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық отбасылар әдетте көпбалалы болып келеді. «Осыны ескере келе біз трансплантация мәселесін ағайындылар арасында жүргізгенді дұрыс деп санап отырмыз. Ол

үшін бізге өзінің бауырына немесе туысына донор болғысы келетін азаматтарды табу керек болатын. Бізде қазір мұндай адамдар бар. Сондықтан біз донорлық трансплантацияны алғаш туыс адамдар арасында жүргізетін боламыз. Жалпы, біздің заңдарымыз донорлық трансплантация мәселесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді»,- деді Т.Ващенкова.

Соңғы жаңалықтар