+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстандағы дәріханалар табысын қалай жасырады

2020 жылғы 1 шілде 12:08
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы дәріханалар табысын қалай жасырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті көшпелі тексерусіз фармацевтика қызметіне талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімдігі: Дәріханада дәрі қымбаттаған жоқ Жамбыл облысына 98 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді Ақтөбедегі дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшы

Дәрі-дәрмек сатуға ҚҚС салынбайтындықтан, дәрілік заттар айналымы өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін тауардың тарихын қадағалауға мүмкіндік беретін тауарларды бақылау жүйесіне кірмейді. Сондықтан талдау белгілі бір кезеңде дәріхана қандай пайда алғанын қадағалауға болатын онлайн - БКМ көрсеткіштеріне құрылған.

Жаздың алғашқы 2 аптасында ғана қазақстандық дәріханалар 10 миллиард теңгеден астам табыс тапты. Алайда барлық кәсіпкер нақты айналымды көрсетпеді.

«Республика бойынша дәріхана қызмет түрін көрсететін барлығы 3 527 кәсіпкер 7 674 онлайн-БКМ тіркеген. Онлайн-БКМ енгізу салық есебін күтпестен, айналым сомасын ғана емес, өткізілген тауар, жұмыс немесе қызмет үшін есеп айырысу кезінде оны қолданбайтын кәсіпкерлерге де мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Мысалы, 868 дәріхана иелері онлайн-БКМ қолданбайтыны аңықталды, бұл ретте олар өз қызметін тоқтатқан жоқ. 239 дәріхана белгілі бір күндері чек шығарады, кей күндері онлайн-БКМ пайдаланылмайды, яғни түсім - нөл. Күндізгі түсімі 5000 теңгеден кем болатын 99 дәріхана бар. Күн сайын бір түсімді көрсететін дәріханалар бар, мысалы, дәл 700 немесе 1000 теңге. Нәтижесінде, 3 527 дәріхананың ішінен адал және заңға мойынсұнатын 60% немесе 2137 дәріхана нақты айналымын көрсетті» деп мәлім етті комитет.

Осыған байланысты мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тауар, жұмыс немесе қызметтерді сатып алу кезінде чек талап ете отырып, азаматтық белсенділік танытуға шақырады.

13 мамырда комитет жыл сайынғы «Чек талап ет — жүлде ұтып ал» акциясын бастады. Жіберілген чек үшін акцияға қатысушылар ұялы телефон теңгеріміне ақшалай қаражатты бірден алу мүмкіндігіне ие, ал чекті бермеген жағдайда акцияға қатысушылар тиісті шағымды ұялы қосымша арқылы жібере алады. Шағымды растаған жағдайда кепілді ақшалай қаражатты ұялы телефон теңгеріміне ала алады.

Сонымен қатар, дәрілік заттар үшін ҚҚС-сыз ЭШФ енгізу мәселесі туындайды. Бұл айналымды да, баға белгілеуді де қадағалауға мүмкіндік береді.

Бұл мәселені мемлекеттік кірістер комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнеспен пысықтайтын болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT