Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Катаржина Вавьерниа еліміздегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Даму бағдарламасының тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Катаржина Вавьерниа БҰҰ жүйесіндегі, сондай-ақ үкіметтік емес және жеке сектордағы басқару, қаржы және даму саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Соңғы 4 жыл бойы ол Сан-Томе мен Принсипидегі БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі қызметін атқарды. Сондай-ақ, 1,5 жыл Сан-Томе мен Принсипидегі резидент үйлестіруші болды.

Осы тағайындауға дейін К. Вавьерниа БҰҰ ДБ Малавидегі (2013-2018) тұрақты өкілінің орынбасары болды. 2008 жылдан 2013 жылға дейін Гвинея-Бисаудағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылдан 2008 жылға дейін К.Вавьерниа БҰҰ ДБ-ның Анголадағы кеңсесінде оқыту мен әлеуетті арттыруға және сатып алуларға жауапты болды.

Одан бөлек, 5 жыл бойы Оңтүстік Африкада және Мозамбикте үкіметтік емес секторда микроқаржы жөніндегі кеңесші болып жұмыс істеді. Онда босқындар үшін табыс әкелетін бағдарламаларды басқарды. Вавьерниа еңбек жолын Польшадағы корпоративтік секторда 1996 жылы бастады.

Катаржина Вавьерниа Варшава экономика мектебінде (Польша) банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесі және Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) халықаралық даму бойынша жоғары білімнен кейінгі білім туралы дипломы бар.

Тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа ала отырып, БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанға өзінің ұлттық даму басымдықтарын жүзеге асыруда қолдау көрсетеді. Аталған бағдарлама экономиканы әртараптандыру, институттарды жаңғырту, теңсіздіктерді азайту және табиғи ресурстарды тұрақты басқару арқылы Қазақстанның өсу траекториясын сақтауға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар