Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары тағайындалды
2022 жылғы 11 тамыз 15:56

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сухроб Ходжиматов Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) тұрақты өкілінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұйымның қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

Сухроб Ходжиматовтың халықаралық ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ жеке секторда бағдарламаларды дамыту және басқару саласында 25 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Қазақстандағы БҰҰДБ кеңсесіне тағайындалғанға дейін Сухроб Ходжиматов Әзербайжандағы БҰҰДБ тұрақты өкілі, Түркиядағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары (2017-2022) міндеттерін атқарды. 2013-2017 жылдары Сомалидегі елдік директордың орынбасары және Найроби қаласындағы (Кения) Сомалидегі БҰҰДБ қолдау кеңсесінің директоры, 2006-2013 жылдары Нью-Йорк қаласындағы (АҚШ) БҰҰДБ-ның штаб-пәтерінде және Тәжікстандағы БҰҰДБ-ның елдік кеңсесінде жұмыс істеді.

БҰҰДБ-ға келгенге дейін С. Ходжиматов Тәжікстандағы құқықтық және экономикалық даму бойынша USAID жобаларында бірқатар жетекші лауазымдарды атқарды. Еңбек жолын Тәжікстанның Бас прокуратурасында бастаған.

С. Ходжиматов Тәжік ұлттық университетінің құқық магистрі дәрежесіне және Бүкілресейлік мемлекеттік әділет университеті мен Невада университеті (АҚШ) ұлттық сот колледжінің дипломнан кейінгі дәрежесіне ие.

Фото: ПРООН в Казахстане/Роман Копанев


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT