Қазақстандағы білім беретін ұйымдар қашықтан оқыту жүйесіне көшуі мүмкін бе

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясынан сақтану үшін қашықтан оқыту жүйесін енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл ретте Білім және ғылым министрлігі құжаттар пакетін дайындағанын атап өту керек. Оның арасында қашықтан оқыту туралы да ұсыныс бар. Кей оқу орындарында мұндай режім бұрын да қолданылғанын білеміз. Әсіресе реферат дайындау, емтихан тапсыру кезінде ондай болады. Сақтық шараларының бір тармағы ретінде Білім министрлігінің жоспарында қашықтықтан оқыту қарастырылған», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында ғана емес, колледждер мен кей мектептерді де қашықтан оқыту жүйесіне көшіруге болады.

«Егер техникалық жабдықталу деңгейі мүмкіндік берсе, біз әлбетте қарсы емеспіз. Бұл - қалыпты құбылыс. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Заманға сай ақпараттық технологиялардың игілігін пайдалана білуіміз керек», - деді ол.

Еске сала кетсек бұған дейін Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының Қазақстанға кіру ықтималдығына қатысты ғалымдар болжамымен бөліскен еді.


Соңғы жаңалықтар