Қазақстандағы бензин көлемі қанша

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің мұнай базаларында жеткілікті бензин қоры бар. Бұл туралы бүгін ішкі нарықтағы жанар-жағармай бағасы талқыланған кеңесте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне баға белгілеу түрлі факторлардың қысымында тұрғандығын жақсы түсінеміз. Дегенмен, бензинге қатысты айтар болсам, отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудан өткізудің арқасында қажеттілік толығымен өтеліп отыр. Бұл сөзіме еліміздің мұнай базаларындағы үлкен қор дәлел бола алады. Бүгінгі күні жиынтық қордың көлемі бензин бойынша 352 мың тоннаны құрайды. Мұнай бағасының өсуіне қарамастан бөлшек саудадағы бензин бағасы литріне 160 теңгеден 155 теңгеге дейін төмендеді», - деді министр.

Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев еліміз таяу уақыттың ішінде көрші Қырғыз еліне бензин экспорттай бастайтындығын атап өтті.

«Бұған қоса, РФ-мен қол қойылған және Қырғызстанмен арада жасалатын келісімдер күшіне енгеннен кейін бензинді импорттаушы болып келген еліміз нетто-экспортерге айналады. Бұл таяу айдың ішінде орын алып қалар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар