Қазақстандағы белсенді инвесторлар марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен Қазақстандағы белсенді инвестициялық қызметі үшін шетелдік инвесторларды марапаттау рәсімі өтті.

«Бүгін біз биыл белсенділік танытқан 10 инвесторды марапаттаймыз. Өздеріңіз білесіздер, елімізде ЭЫДҰ стандарттары бойынша инвестициялық климатты жақсарту тұрғысында жұмыс істеудеміз. Біз бірінші шолуды жасадық, 12 ұсынысты жүзеге асырдық. Қазіргі кезде екінші шолуға кіріскелі жатырмыз. Жақын арада ЭЫДҰ-ның инвестициялар бойынша комитетінің мүшесі боламыз деп үміттенеміз», - деп тоқталды Ә.Исекешев. Сонымен, қайта инвестициялау бойынша инвестициялық белсенділігі үшін ВТМ Group компаниясы (құрылыс материалдарын өндіру), Coca-Cola Icecek A.S.» (алкогольсіз сусындар), Toyota Tsusho Corporation, Lotte Group Оңтүстік Корея компаниясы (кондитерлік өнім), Danone француздық компаниясы (сүт өнімдері) марапатталды. Сонымен қатар инвестициялық белсенділігімен Daedong Industrial Co., LTD (трактор шығару), Abdi Ibrahim (дәрілік заттар), Halliburton International Gmbh АҚШ компаниясы (бариттік концентрат), Tikkurila фин компаниясы (бояу материалдары) және Rio Tinto Mining and Exploration Ltd австралиялық-британ концерні (мыс-порфирлік кендерді барлау) көзге түсті. Айта кетейік, 2000 жылдан 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар 215 млрд. долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар