Қазақстандағы барлық ЖОО-лар онлайн кітапханаға ауысады

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Еліміздегі барлық ЖОО кітапханалары онлайн жүйеге ауысады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Маулен Әшімбаев Алматыға сапары кезінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздегі кітапханаларды заманауи орталыққа айналдыру қарқынды жүзеге асуда. Мәселен, Алматыдағы Жамбыл атындағы кітапхана жұмысы жаңа жүйеге ауысқан.

Мәулен Ашімбаевтың айтуынша, мұндай бастама Қазақстаннныың барлық аймағында жалғасуы тиіс.

«Біз кітапханалар жүйесін жаңартуға тиіспіз. Олардың кейбірі әбден ескірген. Заманауи кітапхананың оқу алаңында оқырмандардың пікір алмасуына жағдай жасалған.Мұндағы кітаптардың электронды нұсқасы жасалады. Цифрландырудың негізгі бөлігі Астана мен Алматыда жүзеге асады. Қалған аймақтар өзіне тиісті тапсырманы орындайтын болады. Барлық университеттер бірыңғай онлайн жүйеге көшіп, осы арқылы еліміздің кітап қорына кез-келген оқырман оңай қол жеткізе алатын болады»-деді Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Маулен Әшімбаев.

Жамбыл атындағы қалалық кітапхана қайта жөндеуден кейін еуропалық «коворкинг» орталығына ұқсайды. Мұнда кітап оқуға арналған тыныш орын мен оны талқылауға арналған көпшілікке арналған алаң қарастырылған. Білім орталығы компьютермен жабдықталған әрі мұнда жоғары жылдамдықтағы Wi-Fi ғаламторы іске қосылған. Бүгінде партия жетекшілгімен еліміздің 6 аймағында кітапханалар осындай жаңа жүйеге ауыстырылуда.

Соңғы жаңалықтар