Қазақстандағы барлық кітап қоры электронды форматқа көшіріледі - Арыстанбек Мұхамедиұлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда барлық кітап қоры электронды форматқа көшіріліп, бірыңғай онлайн кітапхана жүйесі қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Рухани қазына» фестивалінің ашылу салтанатында мәлім етті.
null

«Кітапханаларды жандандыру ісінде бастапқы нәтижелер өз жемісін бере бастады. Бүгінде интернетке қолжетімді кітапханалар саны өсіп, кітап қорлары қайта жаңарып, сандық форматқа көшірілуде. Министрлік пен «Нұр отан» партиясының бірлесуімен отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құрып, жандандыру ісі де жолға қойылмақ. Нәтижесінде бірыңғай онлайн кітапхана жүйесі қалыптасып, еліміздегі барлық кітап қоры электронды форматқа көшіріледі», - деп атап өтті министр.

nullОның айтуынша, Қазақстанның 7 өңірінде (Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Павлодар, Алматы облыстарында) жаңа музей ашылып,  3 жаңа кітапхана (ОҚО, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында) іске қосылды. Сондай-ақ, аймақтарда 15 кітапхана модельді кітапхана үлгісінде қайта жаңартылды.

nullАйта кетейік, Астанада Мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері күніне орай тұңғыш «Рухани қазына» фестивалі басталды. Үш күнге жоспарланған шара аясында пленарлық отырыстар, шеберлік сыныптары мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылып, мемлекеттік музейлер мен мемлекеттік кітапханалар арасындағы республикалық «Рухани қазына - 2018» байқауының нәтижесі жарияланады.
Сондай-ақ, фестивальге Семей полигонының құрбандарына арналған «Заман-ай» әнін жапон тілінде шырқайтын Хиросима әншісі Мичида Риокко арнайы келді.

Соңғы жаңалықтар