+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстандағы банктер пайыздық ставкасын қашан төмендетеді

2019 жылғы 13 қараша 11:55
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы банктер пайыздық ставкасын қашан төмендетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау Қазақстанда қызмет көрсететін банктердің проценттік мөлшерлемесін төмендетуге алып келеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Азаматтардың несиесін кешіру: Мемлекет акцияны қайталай ма, әлде жалғастыра ма Олжас Құдайбергенов: Банк жүйесі ашықтығының бес драйвері Қазақстандық банктер бөлімшелерін жаппай қысқартып жатыр

«Бүгін талқылаған келісім аясында нарықтағы кедергілерді жою туралы қадамдар қарастырылған. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті дамытуға және банктік сектор тарапынан сервисті жақсартуға жағдай жасайды. Нарықтағы қатысушылар алаңының кеңеюі алдағы уақытта тарифтердің, комиссия талаптарының және проценттік ставкалардың төмендеуін білдіреді», - деді Ерболат Досаев Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

«Ортақ қаржы нарығын құру банк, сақтандыру секторында және бағалы қағаздар нарығындағы қызмет көрсету секторында лицензияларды өзара тануды, қаржы нарықтарына кемсітушіліксіз кіруді қамтамасыз етуді, мемлекеттік реттеуді жетілдіруді және қаржы нарықтарында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруды көздейді», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT