Қазақстандағы БАҚ өкілдері «Анадолы» агенттігімен ынтымақтастық мәселесін талқылады

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияда сапармен жүрген «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Асқар Умаров пен Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы төрағасының орынбасары Ильхамжан Ибрагимов «Анадолы» агенттігіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Анадолы» агенттігінің бас редакторы Метин Мутаноғлы Қазақстан делегациясын агенттік редакторларымен бірге дөңгелек үстелінде қабылдады.

«ҚазАқпарат» ХАА Бас директоры Асқар Умаров «Анадолы» агенттігін құрылуының 101 жылдығымен құттықтады. Асқар Умаров «ҚазАқпарат» агенттігінің қызметімен таныстыра отырып, агентік өз жұмысының аясын кеңейтіп, жетілдіре бастағанын атап өтті.

Тараптар ортақ жобалардың болашағын, Қазақстан мен Түркияға қатысты маңызды тақырыптарда өзара қолдау көрсету, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Юныс Эмре мен түркі тілі жылы аясындағы өзара ынтымақтастық, сондай-ақ ақпарат агенттіктері алдындағы сын-қатерлер мәселесін талқылады. Бұдан басқа өз тәжірибелерімен бөлісті.

Асқар Умаровтың айтуынша, «Анадолы» агенттігімен бірлескен жұмыстар маңызды, өйткені «Анадолы» - әлемдегі беделді ақпарат агентігінің бірі. Ильхамжан Ибрагимов, Қазақстанның ұлттық және өңірлік телеканалдарының диапазоны туралы айтып берді.

«Анадолы» агенттігінің бас редакторы Метин Мутаноғлы қазақстандық пресса өкілдерін агенттіктің қызметімен таныстырып, Қазақстан мен Түркияның тығыз қарым-қатынасына жоғары баға берді. Сондай-ақ ол агенттіктің Қазақстандағы жаңалықтарға қызығушылық танытатынын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар