+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстандағы айырбастау пункттері жаңа ережемен жұмыс істейтін болады

2020 жылғы 28 қаңтар 18:19
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы айырбастау пункттері жаңа ережемен жұмыс істейтін болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандағы ақша айырбастау пунктері 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап жаңа ережемен жұмыс істейді. ҚР Ұлттық банкінің кассалық қолма – қол ақшамен операцияларды жүргізу әдістемесі және бақылау бөлімінің бастығы Марат Садретдинов жаңа жұмыс тәртібі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Баспана» мен «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамдарын біріктіру процесі аяқталды 2020 жылғы 1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы даярланады – ҰБ Ұлттық банк: 2020 жылы республика экономикасы 3,8% өседі

Жаңа талаптарға сәйкес, айырбастау пункттерінде айырбасталатын сома көлеміне қарамастан клиент туралы барлық мәліметтер жазып алынады. Сондай-ақ, жұмыс уақыты қысқарып жарғылық капиталдың мөлшері өзгереді.

Марат Садретдиновтың айтуынша, клиент туралы мәліметтерді жазып алу әлемдік тәжірибеде бар.

«Бұл жаңашылдық деп айтпас едім. Себебі 2018 жылдан бері айырбастау орындары 500 мың теңгеден асса оны тіркеп келеді. Ерекшелігі, енді соманың көлеміне қарамайтын болады. Процедура көп уақытты қажет етпейді. Жалпы, қаржылық мониторингтің субъектілері - банктік және банктік емес айырбастау пункттері бұл процесті автоматтандыра алады», - деді Марат Садретдинов.

Оның айтуынша, мұндай жаңашылдық ең алдымен қаражат айналымын бақылауда ұстау, терроризм және өзге де ұйымдасқан қылмыстарға бағытталған қаржының жолын кесу үшін жасалып отыр.

Сонымен қатар, жаңа ережеге сәйкес, айырбастау пункттері 1 ақпаннан бастап 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Әуежай, теміржол арқылы Қазақстанға келетін/кететін және мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіндегі адамдар үшін айырбастау пункттері тәулік бойы, ал бірінші санаттағы ірі сауда орталықтарында сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сарапшының пайымдауынша, жұмыс кестесі айырбастау пункттері мен олардың клиенттерінің қауіпсіздігін жақсартуға байланысты өзгеріп отыр. Бұл шара кешкі және түнгі уақытта қолма-қол шетелдік валютаны сатып алуда валюта курсының өсу фактілерін болдырмауға, халық арасында негізсіз дүрлігу болмауына көмектеседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT