Қазақстандағы әскери кафедраларда қандай мамандықтарға оқытады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов азаматтарды әскери кафедраларға қабылдау механизмін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында оқуға запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери даярлыққа жыл сайынғы қабылдау үшін азаматтар санын айқындау ведомстволық бұйрық негізінде жүргізіледі. Жұмылдыру қажеттілігіне оның ішінде заңгерлер, қаржыгерлер, дәрігерлер, музыканттар және басқалар сияқты әскери-есептік мамандықтар кіреді», - деп жауап берді Руслан Жақсылықов депутаттық сауалға.

Министрдің айтуынша, ЖЖОКБҰ-да запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау жүйесі қазіргі заманғы даму кезеңінде қарулы күштердің, басқа да әскерлердің, әскери құралымдардың нақты жұмылдыру қажеттілігіне жауап береді.

Сонымен қатар келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

1) Қарулы Күштерді стратегиялық өрістету үшін қажетті әскери оқытылған резервтің жеткілікті санын даярлауды және жинақтауды жүзеге асыруға;

2) анағұрлым қажетті әскери мамандықтар бойынша мамандарды даярлауда мүмкіндіктерді кеңейтуге;

3) офицерлер мен сержанттар құрамының әскери оқытылған резервін қажетті көлемде қамтамасыз етуге және қолдауға;

4) ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары офицерлер құрамының алғашқы лауазымдарын қосымша жасақтау үшін резервті даярлауды жетілдіруге;

5) олардың өңірлік орналасуын ескере отырып, әскери кафедралардың бар әлеуетін тиімді пайдалану бейбіт және соғыс уақытында жасақтау мәселелерін ғана емес, әскери-патриоттық тәрбиелеу және жастарға теріс ақпараттық ықпал етуге қарсы іс-қимыл мәселелерін де шешуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар