Қазақстандағы Әскери халықаралық ойындарда жарақат алған Ангола жауынгері көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, Әскери халықаралық ойындар - 2016 қатысушысы, Ангола қарулы күштерінің әскери қызметкері, қатардағы жауынгер Францишко Джордж көз жұмды. Оны Мәскеудегі Ангола әскери атташесінің аппараты растады

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірнеше күн бұрын ол жаттығу кезінде ауыр жарақат алған еді. Халықаралық әскери ойындарға дайындықта, жаттығу атуларын өткізу барысында Ангола командасында миномет атылған. Команданың қауіпсіздік шараларын бұзуынан және минометті екі рет оқтағандықтан снаряд жарылған.

Оқиға болған күні Отар әскери госпиталіне жедел түрде Алматылық хирургтер жеткізілді. Ресей Федерациясынан мамандар бригадасы да келді. Әскери қызметкерге ота жасалды. Әскери дәрігерлер оның өмірін сақтауға тырысты, алайда ауыр жарақат өлімге әкеп соқтырды. 

Соңғы жаңалықтар