Қазақстандағы әрбір оныншы оқушы «Код сағаты» акциясына қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы 9-15 желтоқсан аралығында Қазақстанда бесінші рет ауқымды «Код сағаты» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акция аясында жалпы білім беретін мектептер мен ойын-сауық орталықтарында Қазақстан бойынша 360 000 оқушы информатика пәні бойынша бір сағаттық сабаққа қатысты.

«Код сағаты» акциясының мақсаты - әр адам бағдарламалаумен айналыса алатынын түсіндіру. Бұл шараның ауқымы акцияға қарағанда кеңірек. Биыл қатысушы қыз балалардың үлесі 50%-ға өсті. Былтыр бұл көрсеткіш 47% болатын. Сондай-ақ, «Код сағатына» қатысушы оқушылардың 54% - қазақтілді оқушылар», - дейді Қазақстандағы «Код сағатын» ұйымдастырушы Алена Ткаченко.

Оның айтуынша, бұл акция арқылы оқушылар бағдарламалауды үйреніп қана қоймай, ІТ саласына қатысты базалық білім алады.

Бұған дейін аталған акцияға жыл сайын 180 мемлекет қатысатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар