+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстандағы апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

2020 жылғы 10 мамыр 14:15
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өтіп бара жатқан апта елдегі біршама маңызды кадрлық ауыс-түйіспен есте қалды. Парламент Сенатына жаңа Төраға келіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ерхат Есқалиев «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды Жамбыл облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды Атырау қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басқарып келген Дәурен Абаев Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында ҚР Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2013 жылдың шілдесінен 2016 жылға дейін ҚР Президентінің кеңесшісі - ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы болды. 2016 жылдың мамырында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

Ал Дәурен Абаевтың орнына ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған Аида Балаева келді.

Аида Ғалымқызы Балаева 1974 жылы туған. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, 2002-2004 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы, 2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы, 2004-2005 жылдары Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2005-2006 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, 2006-2008 жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, 2008-2010 жылдары Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы, 2010-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.

2014-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болса, 2019 жылғы 22 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған болатын.

Аптаның басты жаңалықтарының бірі - Сенат депутаты Мәулен Әшімбаевтың Сенат спикері болып сайлануы болып отыр. Президенттің ұсынысы бойынша сенаторлар жасырын дауыс беру арқылы Мәулен Әшімбаевты Парламент Сенатының Төрағасы етіп бір ауыздан сайлады.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2016 жылы Тафтса университетін, Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) аяқтаған. Саяси ғылымдардың кандидаты. Халықаралық қатынастар магистрі.

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі, 1995 жылғы маусым-қараша аралығында Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты, 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары болды.

1999-2000 жылдары Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі;

2000-2002 жылдары Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры;

2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры;

2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;

2012-2018 жылдары V, VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрғағасы;

2018-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары;

2019 жылдың шілде-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2019 жылдың 18 желтоқсаннан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар осы аптада саяси мінберден көрінбей кеткен Тамара Дүйсенова ҚР Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы - инженер - экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1988 - 1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді; 1992-1993 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі; 1993-1994 жылдары - «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы; 1994-1997 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары; 1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары; 1999- 2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице - министрі; 2006 - 2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2008 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (02.2013-06.2013); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013-2014); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2017-2018); «Nur Otan» париясының хатшысы (2018-2019) болған.

Кадрлық ауыс-түйіс облыстарды айналып өткен жоқ. Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін Әсет Тазабеков атқаратын болды. Әсет Нұрмұханұлы Тазабеков 1979 жылы 27 сәуірде Қарағанды облысы Шет ауданының Просторное ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «инженер-эколог» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Шет ауданы Ақжал кентіндегі «Ново-Цинк» кәсіпорнында инженер-эколог қызметінен бастаған.

2012 жылдан бастап Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары болған. Осы уақытқа дейін аталмыш басқарма басшысының міндетін атқарып келген.

Ал Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Берік Болатұлы Нығмашев тағайындалды. Ол өңірдің ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін болады

Берік Нығмашев 2009 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша, 2011 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының «Кирилловка-Айыртау» ЖШС агроном болып бастады. 2010-2013 жылдары Айыртау ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маман - агрономы.

2018 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгеи дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.


Өтіп бара жатқан аптада сондай-ақ Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы келді. Бұл қызметке Жақсылық Оспанов келді.

Ж.Оспанов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтын бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Жаңақорған аудандық спорт клубының жаттықтырушысы ретінде бастаған. 1996-2016 жылдары - Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы сияқты жауапты қызметтерді атқарған. 2016 жылдың маусым айынан осы кезге дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Нұрлыбек Қабдықапаров Денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Нұрлыбек Рысқалиұлы Қабдықапаров 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Атырау қалалық балалар ауруханасында №1 бөлімшесінде дәрігер-анестезиолог, реаниматолог болып бастаған.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры қызметін атқарған.

Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыстық туризм басқармасының басшысы болып Ғани Майлыбаев Айдарұлы келді. Ғани Майлыбаев 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін (бакалавр) қаржы мамандығы бойынша, 2010 жылы осы университетті «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының «Аймақтық және муниципалды басқару» мамандығы бойынша түлегі.

2010 жылдан 2013 жылға дейін - «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Алатау аудандық филиалының заңгер-кеңесшісі, 2013 жылдан 2014 жылға дейін - «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Алатау аудандық филиалының кеңесшісі; 2014 - 2015 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; 2015 - 2019 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары; 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерінде болған.

Осы аптада өткен ҚР Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің отырысы барысында федерацияның жаңа төрағасы сайланды. Мүше кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақтар қозғалысы ардагерлерінен түскен өтінімдер негізінде ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы лауазымына бір кандидат – бүгінгі күнге дейін ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Сатыбалды Дәулеталин ұсынылды.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұңғыш рет Бас кеңестің күн тәртібін қарастыру қашықтан өткізілді. Дауыс беру нәтижесінде Сатыбалды Дәулеталиннің кандидатурасы Бас кеңес мүшелерінің көпшілігінің даусымен қолдау тапты.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT