Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қазақстандағы апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

2019 жылғы 13 қаңтар 11:40 622
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі осы аптаның ішіндегі кадрлық тағайындаулар шолуын ұсынады.

Апта басында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы болып Жасұлан Сарсебаев тағайындалды. Жасұлан Бірлікұлы Сарсебаев 1986 жылы 22 шілдеде бұрынғы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Мамандығы заңгер.  Еңбек жолын «Қазақстандағы жас заңгерлер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Семей қаласы бойынша филиалының директоры болып бастаған. Әр жылдарда Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктер және саяси партиялармен жұмыс бойынша бөлімнің бас маманы, мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2015 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы болып қызмет еткен.

Сонымен бірге, өтіп бара жатқан аптада Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне басшы болып Ерлан Нұрпейісов келді. Аталған ведомстваның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ерлан Сәдкенұлы азаматтық қорғау органдарында 1989 жылдан қызмет атқарып келеді. Жоғары білімі бар. 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы МБҚБ бастығының орынбасары, 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет департаменті бастығының орынбасары, 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалының бастығы, 2012 жылдан ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», ІІ дәрежелі «Айбын» орденідермен және «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасына да жаңа басшы келді. Сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысы Асқар Жанахмет тағйындалды. Асқар Жанахмет Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Асқар Жанахмет еңбек жолын 2006 жылы жеке секторда менеджер қызметінен бастаған.Кейін жеке компанияның бас директоры болған.  Әр жылдарда әкімдікте бас маман, инспектор, бөлім басшысының орынбасары, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып қызметтер атқарған.

Апта ішіндегі сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Шемонаиха және Бродулиха аудандандарына жаңа әкімдерді таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен Шемонаиха ауданына Григория Акулов тағайындалды. Ол бұған дейін Бородулиха ауданын басқарған болатын. Ал оның орнын Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина басты. Екі әкімді де жергілікті активке Даниал Ахметовтың өзі таныстырды.

Ольга Булавкина тәуелсіздік жылдарынан бері облыста аудан басқаруға тағайындалып отырған алғашқы әйел адам. Қызмет жолында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары және Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа әкімдердің қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Қос әкімге аграрлық салаға басымдық беретін қос ауданның көрсеткіштерін жақсарта түсу тапсырылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Асхат Оразбай Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сонымен бірге, 30 жастағы Қайсар Байсуфинов «Ақсу» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Қайсар Байсуфинов бұған дейін алты жыл бойы «Ертіс» футбол орталығында жаттықтырушы болып істеген. Федерация басшылығы бас бапкерге өңірдің бас командасы «Ертіске» қажет резервті даярлауды міндеттеді. Сонымен бірге, жаңадан тағайындалған жаттықтырушыға команданың Екінші лигада басқа ұжымдарға қарсылық көрсете алатын тегеурінді қарсылас болып қалыптастыруды тапсырды.

«Ақсу» ФК футболдан Қазақстан чемпионатының Екінші лигасында өнер көрсетеді. Команда былтырғы маусымда 21 ұжым арасында 15-орында тұрақтады. Командада негізінен жастар, облыс футбол мектептерінің түлектері ойнайды. Қайсар Байсуфиновқа дейін «Ақсуды» Владимир Линчевский басқарған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT