+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандағы алғашқы кәсіби Парламент қалай сайланды - Елбасы кітабынан

2017 жылғы 19 желтоқсан 10:48
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы алғашқы кәсіби Парламент қалай сайланды - Елбасы кітабынан

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» оқырмандарын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының мазмұнымен таныстыруды жалғастырады.

Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Бүгін «ҚазАқпарат» осы кітаптан Қазақстанда тұңғыш рет Сенат пен Мәжіліс депутаттарын сайлау, алғашқы кәсіби Парламент жөніндегі Елбасының естеліктерінен үзінді келтіруді жөн көріп отыр.

***

1995 жылғы Парламент сайлауы. Алғашқы кәсіби Парламент.

Конституция қазақстандық парламентаризмді дамытудың принципті түрдегі жаңа кезеңін бастап берді. Бұрын «Парламент» сөзі Жоғарғы Кеңеске қатысты айтылса да, ресми қолданылған емес. Жаңа негізгі заң Парламентті жоғары заң шығарушы орган деп жариялап, бұл сөзге мемлекеттік мәртебе берді, ал ұғымның өзін нақты саяси мазмұнмен байытты.

1995 жылдың 5 желтоқсанында алғашқы Сенат сайлауы, 9 желтоқсанда - Қазақстан халық бірлігі партиясы 67 орынның 24-іне ие болып, сенімді түрде жеңіске жеткен Мәжіліс сайлауы өткізілді. Демократиялық партия - 12 орын, Шаруалар одағы - 7, Кәсіподақ федерациясы - 5, Жастар одағы - 3, Инженерлік академия - 5, Компартия 2 орын алды. Қазақстан халық конгресіне, Халықтық-кооперативтік партияға, Кәсіпкерлер одағына, Қазақстанның қайта құру партиясы мен «Невада - Семей» қоғамдық қозғалысына бір-бір орыннан тиді.

Менің ұсынысым бойынша Сенат төрағалығына Ө. Байгелді сайланды, Мәжілісті М.Оспанов басқарды. Мен, ол кезде қосымша заңды өкілеттікке ие Президент ретінде Парламентке заң бойынша өзіме тиесілі барлық заңдық билікті бердім. Сол арқылы маған берілген ерекше өкілеттіктердің уақытша және мәжбүрліктен туындаған саяси шара екені дәлелденді. Қазақстанның үйлесімді ішкі саяси болашағының бірден-бір кепілі де дәл осы билік тармақтары арасындағы ойластырылған тепе-теңдікте жатыр.

1996 жылдың қаңтарында Парламент өз жұмысына кірісті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бақытжан Серікұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT