+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Қазақстандағы АҚШ Елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті

2019 жылғы 28 қыркүйек 01:10
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы АҚШ Елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильяма Мозера әнші Димаш Құдайбергенмен және оның әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Димаш «Азиядағы ең келбетті адам – 2019» рейтингінде үздік ондыққа енді Димаш Құдайберген Ригада жеке концертін өткізеді Димаш Құдайберген танымал Mask Singer шоуында өнер көрсетті

Қазақстандағы Америка елшілігінен мәлім еткендей, екі ел арасындағы өзара ықпалдастық – жылы атмосферада өткен жүздесу барысында әңгімеге арқау болған. Димаш өз кезегінде елшілікте қызмет ететін жанкүйерлеріне уақыт бөліп, әңгімелескен. Атап өтілгендей, дипмиссияда олардың саны өте көп.


«Бүгін АҚШ Елшілігі үшін қуанышты сәт болды! АҚШ пен Қазақстанның ынтымақтастығы үшін және екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығаюы үшін еңбек ететін қызметкерлердің арасында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері өте көп. Алтын уақыттарын бөліп келген Димаш пен Қанат Айтбаевқа алғысымыз шексіз!», - деді елшіліктен.

Еске салайық, биылғы 10 желтоқсанда Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Онда әнші бұған дейін елордада орындаған «Арнау» бағдарламасын ұсынады.

Концертке билеттердің сатылымы басталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT