+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Қазақстандағы әкім сайлауы: Тұрғындардың неше пайызы белсенділік танытты

2021 жылғы 25 шілде 23:35
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы әкім сайлауы: Тұрғындардың неше пайызы белсенділік танытты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жергілікті сайлау комиссиялары 730 елді мекендегі халықтың дауыс беруіне арнап жасақталған 1847 сайлау учаскесінде саяси науқанға атсалысқан тұрғындардың саны туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл халқының дауыс берудегі белсенділігі бойынша көш басына Шығыс Қазақстан облысы шығып отыр. Өңірдегі әкімі сайланатын ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала мен кент тұрғындарының 90,9 пайызы өз таңдауын жасаған.


Жалпы өңірлер бойынша халықтың сайлауға атсалысу статистикасы мынадай:

Ақмола обысында дауыс берушілердің 75,5 пайызы, Ақтөбе облысында – 79, пайыз, Алматы облысында – 66,5 пайыз, Атырау облысында – 74,4 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында – 90,9 пайыз, Жамбыл облысында – 90,7 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 81,4 пайыз, Қарағанды облысында – 75,8 пайыз, Қостанай облысында – 84,4 пайыз, Қызылорда облысында – 83,6 пайыз, Маңғыстау облысында – 82,4 пайыз, Павлодар облысында – 76,9 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысында – 87,1 пайыз, Түркістан облысында – 77,1 пайыз сайлаушылар жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ге өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырған.

Осылайша, Қазақстан бойынша 730 елді мекеннің әкімін анықтайтын сайлау да мәресіне жетті. Заң бойынша ресми қорытынды сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде шығарылып, жеті күн ішінде сайланған әкімді тіркеу іске асырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT