Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламентінің Сенаты Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне Эльвира Әзімованы сайлауға келісім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эльвира Әзімованы бұл қызметке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын. Ұсынысты Сенат отырысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев оқып берді.

  • Эльвира Әзімова1973 жылы Тараз (бұрынғы Жамбыл) қаласында туған.

  • 1996 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген, мамандығы - халықаралық заңгер.

  • Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастады. 1996 жылдан 1999 жылға дейін Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші, бас кеңесшісі болып істеді.

  • 1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттері басқармалары бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.

  • 2005-2010 жылдар аралығында Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісім-шарттар және талап-арыз жұмыстары департаменттерінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді.

  • 2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры лауазымында болды.

  • 2013 жылдан бері Әділет министрінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

  • Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2007), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.






Соңғы жаңалықтар