Қазақстандағы 32 банктің 19-ында жеке тұлғалардың салымдары ұлғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық банктердің депозиттік портфельдерінің жартысынан көбі жекелеген салымдардан тұрады. Қазақстандықтар жекелеген  салымдарының жартысын теңгеде ұстайтын болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ranking.kz ">ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, екінші деңгейлі банктердің жекелеген салымдары соңғы жыл ішінде 7,5 пайызға (593,6 млрд теңге) өсіп, 2018 жылдың соңына 8,5 мтрлн теңгені құраған. Жалпы салым сомасы небәрі 0,3 (58 млрд) пайызға өсіп, 16,9 трлн теңге болған.

«Нәтижесінде жекелеген салымдардың үлесі бір жылда 46,9 пайыздан 50,2 пайызға дейін өскен. Осылайша жеке тұлғалардың депозиттері екінші деңгейлі банктердің қорландырудың негізгі көзі болып қала береді», делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының 32 банкінің 19-ы жеке тұлғалардың салымдарының мөлшерін ұлғайтқан. Kaspi Bank-тың салымдары 956,6 млрд теңгені құрап, 163,7 млрд теңге  (20,6 пайыз) көлеміндегі өсіммен көш бастап келеді. Екінші деңгейлі банктердің үлесі 10,1 пайыздан 11,3 пайызға өскен. Келесі кезекте Qazkom банкі тұр. Ондағы салым мөлшері 1,4 трлн теңгеге жетіп, 126,5 млрд (9,8 пайыз) қосқан. ҚР екінші деңгейлі банктерінің үлесі 16,4 пайыздан 16,8 пайызға көтерілген. Үздіктер үштігін Халық банк түйіндейді. Ондағы салым сөлшері 109,3 млрд теңгеге өсіп, 1,7 трлн теңгені құраған. ҚР екінші деңгейлі банктерінің үлесі 20,8 пайыздан 20,6 пайызға қысқарған.

Басылым соңғы жылы ұлттық валютадағы салымдардың үлес салмағының 45 пайыздан 52,9 пайызға артқанын жеткізеді. Бұған дейін 4 жыл бойы жекелеген салымдар портфелінде шетелдік валютадағы депозиттердің саны басым болған.

Соңғы жаңалықтар