Қазақстандағы 3 мұнай өңдеу зауытының қауқары қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елдегі үш мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс жоспарын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қараша айында елге 270-280 мың тонна бензин қажеттілігі туындайды.

«Оның басым бөлігін еліміздегі үш МӨЗ есебінен толықтырамыз. Көлемдер бойынша кестені бүгін-ертең нақты бекітетін боламыз. Дегенмен Шымкент пен Павлодар зауыттарын барынша қамтығымыз келеді», - деп жауап берді журналистер сұрағына министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бозымбаев Атырау МӨЗ жүктемесін азайту жоспарланғанын жеткізді. Бұл желтоқсан айында зауытқа каталитикалық крекинг (мұнайды өңдеп, бензин, мазут т.б. шығару) қондырғысын орнатумен байланысты. 

«Ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру көлемі шапшаң артуы тиіс және зауыт анағұрлым тиімдірек жұмыс істейді, шикі мұнайға қазіргіден де көбірек төлейтін болады», - деп толықтырды өз сөзін Бозымбаев.

Бұған дейін министр Павлодар МӨЗ іске қосылғанын, үш күннен кейін дайын бензин шығарылатынын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар