Қазақстандағы 2018 жылдың үздік әйел теннисшісі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Теннис федерациясы өскемендік 14 жастағы теннисші Татьяна Николенконы «2018 жылдың үздік әйел теннисшісі» деп атады. Бұл туралы  ҚазАқпарат sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл Татьяна Николенко Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады. Спортшы бұған Қазақстанда, Грузияда және Тайландта өткен бірнеше халықаралық турнирлердегі жеңістері арқылы қол жеткізді.

SMASH теннис орталығының тәрбиеленушісі 2018 жылы 14 жасқа дейінгі жас санатында Азия теннис элитасына кіріп, маусымның соңына қарай рейтингтің басына шыққан.

Соңғы жаңалықтар