+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Қазақстандағы 11 банктің активтері өсті

2019 жылғы 27 тамыз 11:01
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы 11 банктің активтері өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы11 банктің актив көлемі арттырылған. Бұл туралы ҚазАқпарат Ranking-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтардың қарызы қалай азаяды ?

«Бір айда елдегі екінші деңгейлі банктердің қарыз қоржыны 378,2 млрд теңгеге, маусым айының қорытындысы бойынша 13,6 трлн теңгеге (+2,9%) дейін ұлғайды. Осылайша 28 қазақстандық банктің 21-і айды «+ көрсеткішпен» аяқтап отыр», - деп жазады Ranking.kz.

Маусым айында бәрінен ForteBank-тің жағдайы жақсарған. Бір айда қарыз қоржынын 75,8 млрд теңгеге арттырып, жалпы қор 730,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл барлық екінші деңгейлі банк қарыздарының жиынтық көлемінің 5,4 пайызы.

Екінші орында мемлекеттік тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұр. Бұл банк бір ай ішінде несие қоржынын 54,3 млрд теңгеге арттырып,жалпы қорды 821,2 млрд теңгеге жеткізген. Барлық екінші деңгейлі банктердің несие портфеліндегі банктің үлесі 5,8 пайыздан 6 пайызға артқан.

Көрсеткішін көтерген банктердің бестігіне Kaspi Bank (+ 48,8 млрд теңге), Сбербанк (+ 41,1 млрд теңге) және ЦентрКредит банкі (+ 39,8 млрд теңге) кірді.

«Банктер несиелеудің өсуімен қатар, активтер көлемін де өсіруде. Бір ай ішінде көрсеткіш 428,6 млрд теңгеге, жалпы актив қоры 25,4 трлн теңгеге дейін өсті. Мәселен, ForteBank жылдық активтер көлемін күрт ұлғайтып(+86,5 млрд теңге), Халық Банкінен (+101,4 млрд теңге) кейінгі орынға шықты», - делінген сайт тың ақпаратында.

Активтердің өсуі бойынша үздікер құрамына Сбербанк (+ 88,9 млрд теңге), Jýsan Bank (+ 52,6 млрд теңге) және Ситибанк (+48,7 млрд теңге маусым айына) кірді.

Еске салсақ, Ұлттық банк ҚР Президентінің тапсырмасын бойынша 1 тамыздан бастап банк секторы активтерінің сапасын бағалайтын AQR жүйесін іске қосты. Процесс елдің банк секторы активтерінің шамамен 87% - ын алатын 14 ірі банкті қамтиды. Олар:Қазақстан Халық Банкі, ForteBank, Сбербанк, Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит, АТФ Банк, Еуразиялық Банк, Jýsan Bank, Bank RBK, Альфа-Банк, Altyn Bank, Нұрбанк, Банк Хоум Кредит және ВТБ Қазақстан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Ұлттық банкі, Банктер,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT