+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Қазақстандағы 10 мұнай-газ учаскесі онлайн-аукцион арқылы сатылады

2020 жылғы 28 қазан 12:48
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы 10 мұнай-газ учаскесі онлайн-аукцион арқылы сатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл еліміздегі 10 мұнай және газ жер қойнауы учаскелері онлайн-аукцион арқылы сатылады. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Ноғаев Қызылорда облысының энергиямен жабдықтау жүйесімен танысты Қазығұрт ауданының 51 елді мекеніндегі 102 235 тұрғын биыл табиғи газбен қамтылмақ «Қашағаннан» төрт жылда 50 млн тонна мұнай өндірілді

Оның айтуынша, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлғалар аукцион өткізуге онлайн режимінде өтініш бере алады.

«2020 жылы Қазақстанда 10 мұнай-газ жер қойнауы учаскесін электрондық аукцион арқылы сату жоспарлануда. Олардың қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері 400 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта аукционға қатысуға 30-дан астам өтініш келіп түсті», - деді Жанат Жахметова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, көмірсутектерді игеру және өндіру үшін мемлекет ұсынатын учаскелердің жалпы ауданы шамамен 29 мың шаршы шақырымды құрайды.

«Электрондық сауда-саттықты өткізу 2020 жылғы 23 желтоқсанға жоспарланған Қатысуға өтінімдер 29 қарашаға дейін қабылданады. Бұл игеру құқығы электрондық тәсілмен іске асырылатын алғашқы учаскелер болып саналады. Осы уақытқа дейін аукциондар «көзбе-көз» режимде өткен еді. Қатысушыларға, тіпті егер игеруге шетелдік компания үміткер болғанның өзінде аукцион залдарына бару қажет болатын. Енді карантинге байланысты және көптеген халықаралық әуе рейстері тоқтатылған кезде сауда-саттық электрондық тәсілмен жүргізіледі. Бұл мемлекеттік органдарды да, бизнесті де айтарлықтай операциялық шығындардан босатады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT