Қазақстандағы 10 колледжде жаңа оқу бағдарламалары іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі, BTS Digital білім жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек қазақстандық колледждерде оқытудың жаңа бағдарламасын енгізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа мамандықтар атласы бүгінде өз жемісін бере бастады. Айтар болсақ, ТжКББ дайындауда және колледждер мен ЖОО-ға арналған жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуде қолданып жатыр». Мәселен, Атырау мұнай және газ университетінің базасында биыл алғаш рет мұнай-газ жабдықтарын предиктивтік талдау бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылады. Одан бөлек, отандық 10 колледж базасында бұрын мүлдем болмаған, жаңа оқыту бағдарламалары іске қосылады», - деді Саясат Нұрбек Ұлттық кеңес мүшелеріне мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанатының алдында тілшілерге сұхбат кезінде.

Оның айтуынша, мамандықтар атласы білім саласымен қатар, еңбек нарығында да сұранысқа ие.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек нарығын ұзақ мерзімді болжау үшін атласты пайдаланып жаты. Тәуелсіздіктің 30 жылында біз алғаш рет еңбек нарығының қалай өзгеретіні туралы қысқа, орта және ұзақ мерзімді моделін жасай бастадық. Еңбек нарығында жаңа сұраныстар пайда болып жатыр, бұл өз кезегінде жаңа дағды мен талапты қажет етеді. Бұл халық үшін де, білім беру және еңбекпен қамту саласы үшін де маңызды. Сондай - ақ бизнес саласына да нарық сұранысына дайын болуға қатысты нақты нұсқаулық береді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар