Қазақстанда зорлықшылармен күрес бойынша арнайы бөлімшелерді құру ұсынылып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құзыретті мемлекеттік органдар жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстарына қарсы күрес бойынша арнайы бөлімшелер құру керек. ҚР Бас прокуратурасы үйлестіру кеңесінің барысында ұсыныс жасады.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәмелеттік жасқа жетпегендерге қатысты жыныстық қылмыстардың саны 2010 жылдан бері екі есе артып, 2014 жылы 943-ке (2010 жылы - 491) жеткен, деп атап өтті Л.Асанбаева. Биылғы жылдың 6 айының қорытындылары бойынша осындай 726 құқық бұзушылық тіркелген, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен (485) салыстырғанда 50 пайызға дерлік көп.

Тексерістердің барысында бұл қылмыстарды тергеу кезіндегі көптеген бұзушылықтар анықталды: өтініштерді қабылдау және тіркеу кезінен басталатын әуре-сарсаң, тергеудің толық жүргізілмеуі, оларды жасыру фактілері де орын алған.

Осындай істерді тергеу кезінде моральдық-этикалық және психологиялық аспектілер де есепке алынбайды. Бұл көбіне олардың жасырын сипатын байқатады, себебі жәбірленушілер құқық қорғау органдарына шағым білдіргісі келмейді.

Жасалған қылмыстарды ашудың жеткілікті шаралары қабылданбайды, қылмыстарды төмен ашудың негізгі себептерінің бірі - бастапқы тергеу шараларын сапасыз жүргізу. Осы кемшіліктердің барлығын ведомстволық бақылау және прокурорлық қадағалауды қатайту жолымен жою керек.

Үйлестіру кеңесінде осы істер бойынша жәбірленушілерді тергеушілермен емес, психологтармен сұралу, немесе сұрауды олардың міндетті қатысуымен өткізу мәселесін қарастыру ұсынылды.

Сондай-ақ заңнаманы осындай істерде кішкентай жастағыларға ғана емес, кәмелеттік жасқа жетпегендерге қатысты қылмыс жасауда тараптардың бітімгершілікке келуін тоқтатуға тыйым салатындай өзгерту ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар