+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Қазақстанда зорлық фактілерінің жиілеуіне не себеп

2019 жылғы 12 қыркүйек 13:31
Бөлісіңіз:
Қазақстанда зорлық фактілерінің жиілеуіне не себеп

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев зорлық-зомбылық жазасын күшейту бойынша ҚР Қылмыстық Кодексіне қандай өзгерістер ұсынылғанын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Арқалықтағы қыз зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қайта қозғалды Шымкентте дәрігер медбикені жұмыс орнында зорлады деген күдікке ілінді ҚТЖ Бас прокуратурадан қыз зорлаған жолсеріктердің жазасын күшейтуді сұрады

«Қазір қоғамда әйелдер мен балалардың зорлыққа ұшырау мәселесі өте өзекті болып отыр. Өкінішке қарай, соңғы кездері мұндай жағдай жиіледі. Жаңалықтардан түрлі өңірлерде әсіресе балаларға зорлық көрсетілгенін жиі оқимыз. Бұл біздің ішкі өзегімізді жоғалтып жатқанымызды білдіреді. Қазақ қоғамында мұндай жағдай болмаған. Меніңше, қазір зорлықшыларға тым жеңіл қарайтын тәріздіміз. Бұрын оларға ең қатаң жаза қолданылатын. Жақында ғана Тәуке ханның «Жеті жарғысын» қарадым, онда зорлық-зомбылық кісі өлімімен тең саналған және айыптыны өлім жазасына кескен», - деді депутат ҚР Әділет министрлігі Заң жобалық қызмет мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысында.

Спикер келтірген деректерге сәйкес, 2018 жылы Қазақстанда 100 мың адамға 7,88 зорлық оқиғасы тіркелген және ТМД елдері арасында Қазақстан зорлау бойынша көш бастаған.

«Зерттеу жүргізген өзге елдерде, мәселен Өзбекстанда (0,67), Ресейде (2,3) бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Бұл біздегі ауыр қылмыс бойынша жағдайдың тым мүшкіл екенін көрсетіп отыр. 2 тамыздан бастап мен зорлық құрбандарымен, азаматтық белсенділермен және заңгерлермен сөйлестім. Кездесуде елдегі зорлықтың таралу себептерін анықтадық. Бұл - жазаның жеңіл болуы, одан жалтару мүмкіндіктері, зардап шеккендерді физикалық және психологиялық қолдау тетіктерінің болмауы. Осыған байланысты, зорлық-зомбылық жазасын күшейту мен сотқа дейінгі тергеуде, сот отырысында зорлық құрбандарын қорғау бойынша ҚР Қылмыстық Кодексіне, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсындық», - деді Н. Әлтаев.

Аталған заң жобасында жыныстық қол сұқпаушылыққа қарсы қылмыс жасауда жеңіл жаза тағайындау мүмкіндіктерін алып тастау көзделген.

«Сонымен бірге, жыныстық қол сұқпаушылыққа қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамды мерзімінен бұрын, шартты түрде босату құқығын алып тастау, 18 жастан асқан айыптыларға мәжбүрлі химиялық кастрация жасау қарастырылған. Мұндай қылмысты ауыр қылмыс санатына ауыстырып, тараптардың мәмілеге келуі бойынша жазадан жалтаруына мүмкіндік берілмеуі тиіс. Жыныстық зорлық үшін қамау мерзімін ұзарту керек. Кәмелет жасқа толмағандарға жасалған зорлық үшін ауырлататын мән-жайларға қарай өмір бойына абақтыға қамау, балаларға жасалған зорлық үшін - тек қана өмір бойы абақтыға қамау жазасын ұсынамыз», - деді депутат.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT