Қазақстанда зиянды газдардың экологияға әсерін төмендету қадамдары айқындалуда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жасыл технологиялар мен таза көмір технологияларын енгізуге қатысты дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төрағасының міндетін атқарушы Жанар Игенова әлемдегі энергия тегерімінде көмірдің генерациясы рөліне жайында тоқталды. Сонымен қатар ол Қазақстанда жасыл технологиялар бағытында даму үшін негіз бар екенін, «жасыл» экономикаға ауысу үшін тиісті саясат жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл тұрғыда зиянды газдардың қоршаған ортаға әсерін төмендету үшін жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр. «Қазіргі кезде төмен көміртекті стратегияны даярлау бойынша жұмыс жүріп жатыр және ол жыл соңына дейін қабылдануы керек. Бұл өз кезегінде Қазақстанда парник газдарының таралуын қысқартудың әлеуетін айқындайды. Сонымен қатар, осы салада технологиялық шешімдер мен инвестициялардың мүмкіндіктері қамтылады», - деді Ж. Игенова.

Өз кезегінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры Андрей Кибарин көмірді пайдалануға қатысты экология мәселелерін шешу үшін жаңа технологияларды енгізу керек.

«Қазақстанда көмір қоры жеткілікті. Сондықтан бізде таза көмір технологияларын енгізу үшін уақытымыз бар. Бұл тұрғыда ғылыми зерттеулерге мән беру керек. Яғни көмірден газ бөлу, қайта түзілген химиялық заттарды, энергия қамтитын өнімдерді өндіру бойынша кең ауқымды зеттеулерге кіріскен маңызды», - деді Андрей Кибарин.

Кездесу барысында өкілетті органдардың және көмір өнеркәсібінің өкілдері елімізде «таза» көмір генерациясын енгізу мүмкіндігін талқылады.


Соңғы жаңалықтар