Қазақстанда жылына 600-ге жуық бала қатерлі ісік ауруына шалдығуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жылына 600-ге жуық бала қатерлі ісік ауруына шалдығуда. Бұл туралы Алматыда өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Риза Боранбаева мәлім етті.

«2013 жылды қорытындылай келе, 583 баланың қатерлі ісік дертіне шалдыққанын анықтадық. Оның ішінде 133 бала - аққан ауруымен сырқаттанса, 450 бала өзге ісік түрлеріне шалдыққан», - деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Риза Боранбаева.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда науқас балалардың 5 жылдық өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 75 пайызды құрап отыр.

Ал, көршілес Ресейде бұл көрсеткіш 78 пайызға жеткізілген.

«Қатерлі ісікке шалдыққан балалардың ішінде 1 жасқа дейінгі балалар - 7 пайызды, 3-10, 10-15 жасқа дейінгі балалар - 20 пайызды, 15 жастан жоғары балалар 31пайызды құрап отыр», - деп қорытындылады ол.

Мамандардың айтуынша, балалар онкологиясы бойынша аққан ауруы (34 пайыз) көш бастап отыр. Одан кейінгі кезекте орталық жүйке жүйесінің ісігі (17 пайыз) менлимфома ісігі жиі кездесіп отыр.

Соңғы жаңалықтар