Қазақстанда жылына 35 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімізде онкологиялық дертке жылына 35 мыңнан астам адам шалдығады. Оның 15 мыңға жуығы қайтыс болады. Есепте 189 мың науқас тұр. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова «Ядролық ғылым және технологиялар» атты ғылыми форумы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз күн сайын 25 науқасты анықтаймыз. Негізінде қазір өкпе рагы, сүт безі обыры, ішек, асқазан дерттері. Енді жатыр мойны обыры, сүт безі қатерлі ісігін анықтайтын скрининг өткізіп жатырмыз», - дейді Диляра Қайдарова.

Оның айтуынша, қазір ядролық медицина мәселесі өзекті болып тұр,өйткені ол ісіктің ерте кезеңіне диагноз қоюға көмектеседі.

«Бізге келетін науқастардың 85% -ы аурудың 2, 3 немесе 4-сатыларында көмекке жүгінеді. Барлық адамдар диагностикадан өтіп тұру керек. Қатерлі ісіктің бастапқы сатысын емдеуге, ауруды түбегейлі жеңуге мүмкіндік бар», - деп атап өтті Диляра Қайдарова.

Бұл дертке көбіне 50 жастан асқан адамдар шалдығады. Алайда, соңғы жылдары жастар арасында да жиі кездесетін болды.

«Үнемі тексеріліп отыру керек. Қазір еліміз бойынша ай сайын скринингтер өткізіледі.. Онкологиялық ауру бірден шықпайды. Ол метастаза кеткенде ғана білінеді. 0-1 кезеңде рак ауруы 100%, екіншісінде - 85%, 3-4 сатыда өмір сүру деңгейі 40-50% болады».
null

Сонымен қатар, Диляра Қайдарова емделушілерге барлық емханалардан тегін диагностика жасатуға болатындығын еске салды.

«Онкологиялық қызмет ядролық технологиясыз жұмыс істей алмайды. Ядролық технологияны қолдану тәсілдері онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге енгізілуде. Бұл негізінен ісік диагностикасын, қатерлі ісік диагнозын анықтайтын және жарты сантиметрге дейінгі метастаздардың бар-жоғын анықтауға арналған PET әдісі болып табылады. Осы медициналық жабдыққа қазір мемлекеттен қаржы бөлінді. Мұндай (ПЭТ) құрылғылары әзірге Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы онкология институтында бар», - деп түсіндірді ол.
null

Айта кетсек, Диляра Кайдарова «Ядролық ғылым және технологиялар» халықаралық ғылыми форумы аясында өтіп жатқан «Медицина, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласындағы ядролық және радиациялық технологиялар» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі.

Автор: Алма Мұқанова

Соңғы жаңалықтар