Қазақстанда жылдың үздік хоккейшісі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц екінші жыл қатарынан елдің үздік хоккейшісі ретінде танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz порталына сілтеме жасап.

«Қазақстанның үздік хоккейшісі» байқауының директораты кеш болса да, 2019/2020 жылғы маусым лауреаты анықталатын дәстүрлі референдумның қорытындысын шығарды.

Бұрынғы дәстүр бойынша, хоккей туралы жазатын және теледидарда хоккей тақырыбын жүргізетін тілшілерге олардың көзқарасы бойынша өткен маусымда өздерін ерекше танытқан ойыншылар «үштігін» атау ұсынылған. Бұл ретте жыл хоккейшісі атағына тек қазақстандық спортшылар ғана емес, отандық клубтарда ойнаған легионерлер де қатысты. Бірінші орын үшін анкетада үш ұпай, екінші орын үшін екі және үшінші орынға – бір ұпайдан есептелген.

Елдің үздік хоккейшісін анықтау мақсатында жүргізілген сұрау 29-шы рет өткізілді. Бұған дейін хоккей маусымының лауреаттары арасында Евгений Корешков (үш мәрте - 1994, 2003, 2006 жж.), Виталий Еремеев (екі мәрте 2011, 2012 жж.) және Роман Старченко (екі мәрте 2013, 2015 жж.), және Игорь Земляной (1992 ж.), Константин Шафранов (1993 ж.), Андрей Пчеляков (1995 ж.), Андрей Самохвалов (1996 ж.), Владимир Завьялов (1997 ж.), Александр Корешков (1998 ж.), Дмитрий Уппер (1999 ж.), Федор Полищук (2000 ж.), Виталий Трегубов (2001 ж.), Сергей Александров (2002 ж.), Анатолий Филатов (2004 ж.), Виталий Колесник (2005 ж.), Талғат Жайлауов (2007 ж.), Андрей Гаврилин (2008 ж.), Кевин Даллмэн (2009 ж.), Дмитрий Дударев (2010 ж.), Брэндон Боченски (2014 ж.), Роман Савченко (2016 ж.), Никита Михайлис (2017 ж.), Евгений Рымарев (2018 ж.) және Даррен Дитц (2019 ж.) болған.

Маусымның үздік хоккейшісін анықтайтын тілшілер референдумында Канаданың (Мэдисин-Хэт) 27 жастағы тумасы Даррен Дитц екінші жыл қатарынан жеңіске жетті. Спортшы өткен жылы Қазақстан азаматтығын алды.

Сұрау қорытындысы бойынша, сегіз шолушы қорғаушыны бірінші орынға қойса, жетеуі екінші орынға және тағы біреуі – үшінші орынға қойған. Сомаға шаққан кезде, бұл жеңіске жеткізген 39 ұпай әкелді.

Байқауда екінші орынды 28 ұпай жинаған голкипер Эдди Паскуале алды. Үшінші орында – байқаудың үшінші жүлдегері Никита Михайлис (27 ұпай). Үздіктер «бестігінде» сондай-ақ «Барыс» ардагері Роман Старченко (10 ұпай) және «Торпедода» маусымды жақсы өткізген шабуылдаушы Евгений Рымарев (8 ұпай) бар. Сауалнамада үш клубта ойнайтын 16 спортшының есімі аталған. Олардың көбі – «Барыс» хоккейшілері.



Соңғы жаңалықтар