Қазақстанда жыл соңына дейін жасанды интеллект стратегиясы жарияланады

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде жыл соңына дейін жасанды интеллекті дамыту стратегиясын жариялау жоспарланып отыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр еліміздің инновациялық өсу әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Айтуынша, ғалымдар мен жас таланттарға жағдай жасалып жатыр.

«Өткен жылы экожүйе стартаптары, цифрлық қызметтер мен тауарларды экспорттауды қолдау шараларының арқасында түсім 330 млн долларға жетті. Мемлекет басшысы аталған көрсеткішті 2025 жылға дейін кемінде 500 млн долларға дейін жеткізуді тапсырған болатын. Бұл бағытта біздің келесі қадам - жасанды интеллект. Отандастарымыздың жасанды интеллект саласында әзірлеген біраз жобалары бар. Олар әлемдік қауымдастықтың назарын аударды. Жыл соңына қарай жасанды интеллекті дамыту стратегиясын таныстырамыз», - деді Бағдат Мусин Астана халықаралық форумында жасаған баяндамасында.


Соңғы жаңалықтар