Қазақстанда жыл соңына дейін пойыздар мобильдік терминалдарымен жабдықталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан бастап, электронды темір жол билеттері бойынша іссапардан кейін есеп беруге қатысты ҚР Салық кодексінің жаңа нормалары күшіне енді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Іссапардан соң жолаушы төмендегі құжаттарды өткізуі қажет: -қағазға шығарылған электронды билет; -пойызға мінерде жылжымалы терминал арқылы жолсерік берген отырғызу талоны; -электронды билетке ақша төленгенін растайтын құжат.

Егер жолаушы жолсеріктің жылжымалы терминалы (ЖЖТ) жоқ пойызға билет алса онда ол «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамынан шот-фактура талап ете алады. Шот-фактураны іссапар бойынша есеп бергенде электронды билетпен бірге отырғызу талонының орнына өткізеді. Сонымен қатар, іссапар бойынша қатаң есептегі бланкке шығарылған кәдімгі темір жол билеттерімен де есеп беруге болады. Осы жылдың аяғына дейін барлық пойыздар отырғызу талондарын беретін жолсеріктің жылжымалы терминалымен толық қамтылатын болады

Соңғы жаңалықтар