Қазақстанда жыл сайын 400 мыңнан астам нәресте дүниеге келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова елдегі туу көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту маңызды бағыттардың бірі саналады. Бүгінде елімізде 6,6 миллионнан астам бала тұрады. Соңғы 5 жылда балалар саны 800 мыңға көбейді. Жыл сайын елде 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Бұл – өте жақсы демографиялық көрсеткіш», – деді Мағрипа Ембергенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, елімізде 5 мыңнан астам денсаулық сақтау нысаны балаларға амбулаториялық көмек көрсетеді.

«Бұдан бөлек, балаларға стационарлық көмек көрсететін 14 мыңнан астам төсек-орын ашылды. Балаларға медициналық көмек көрсету жүктілік кезеңнен басталады. Мәселен, жыл сайын елімізде 500 мың жүкті әйел халықаралық стандартқа сай барлық скрининг пен тексерулерден өтеді», - деп баяндады Мағрипа Ембергенова.

Қоса кетсек, аталған брифингіге қатысқан Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Артур Ван Дизен ел аумағында балалар құқығы жөніндегі бірыңғай орталық орган құруды ұсынды.


Соңғы жаңалықтар