Қазақстанда жыл ішінде қандай азық-түлік өнімдері қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда азық-түлік өнімдерінің құны 2018 жылдың сәуір айында 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,5 процентке қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комиетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мерзімде алкоголь өнімдерінің бағасы 11,2 процентке, сүт өнімдері 10,1 процентке, балық пен теңіз өнімдері 8,1 процентке, кондитерлік өнімдер 7,6 процентке, нан өнімдері 6,2 процентке өсті.

Сондай-ақ жеміс-жидектер мен көкөністер 4,9 процентке, кофе, шәй, какао 3,3 процентке, макарон өнімдері 2,1 процентке, нан 0,8 процентке, ұн 0,7 процентке, жарма 18,7 процентке, қант 13,3 процентке қымбаттады.

Ет пен ет өнімдерінің құны 8,4 процентке артқан. Ал сиыр етінің бағасы өткен жылғыдан 8,6 процентке, шошқа еті 8,3 процентке, шұжық өнімдері 8,1 процентке, қой еті 7 процентке, құс еті 2,8 процентке өсті.

Соңғы жаңалықтар