+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстанда жыл басынан бері 9,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2019 жылғы 13 қараша 02:47
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жыл басынан бері 9,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда биылғы жылдың 10 айында 9,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында лифтіні қалпына келтіру бойынша бағдарлама іске қосылды «Бақытты отбасы»: Жамбылда 258 отбасы баспаналы болды Ақтөбеліктер мемлекеттік бағдарламалардың арқасында баспаналы болды

«10 айдың қорытындысы бойынша 9,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2018 жылғы осы кезеңдегі көрсеткішті 100% құрайды. Тұрғын үйді іске қосу пайызы жылдық жоспарға 75,4% құрады. Республика бойынша барлығы 84 580 тұрғын үй тапсырылды», - деп атап өтті министр 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі отырысында.

Тұрғын үй көлемінің ұлғаю көрсеткіштері еліміздің 9 өңірінде байқалады. Бұл тізімде Түркістан (130,4%), Қызылорда (117,2%), Ақтөбе (116,7%) Қостанай (115,9%) облыстары және Шымкент қаласы (116,4%) көшбасшы болып отыр.

Алайда, бұған қарамастан, ведомство басшысы тұрғын үйді іске қосу бойынша құрылыс қарқынының кейбір төмендеуі туралы да айтып берді.

«Тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендеуі Жамбыл облысында (96,0%) және Нұр-Сұлтан қаласында (64,2%) байқалады. Жылдық жоспарға (105,0%) қол жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау үшін осы әкімдіктер өз жұмысын жандандыруы қажет. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша Министрлік жетекшілік ететін барлық салалар бойынша НКИ жоспарлы мәндеріне қол жеткізу жоспарланып отыр», - деп атап өтті Б. Атамқұлов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT