Қазақстанда жыл басынан бері 850 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жыл басынан бері 850 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша – қаңтар -мамырда азық-түлік өндірісі 3,3% өсіп, 851,6 млрд теңгені құрады.

Аталған кезеңде қызылша қантын өндіру көлемінің шамамен 30%-ға (5,5 мың тоннадан 7,1 мың тоннаға дейін) , өңделген күріштің 24%-ға ( 71,2 мың тоннадан 88,3 мың тоннаға дейін ) , жарманың 18,7%-ға (34,6 мың тоннадан 41,1 мың тоннаға дейін), сары майдың 16,5%-ға (9,0 мың тоннадан 10,5 мың тоннаға дейін) , өсімдік майының 11,9%-ға (185,4 мың тоннадан 207,5 мың тоннаға дейін) , ұнның 9%-ға ( 1 235,6 мың тоннадан 1 347,4 мың тоннаға дейін ), ірімшік пен сүзбенің 8,7%-ға (13,6 мың тоннадан 14,7 мың тоннаға дейін) , өңделген сүттің 3,3%-ға ( 244,7 мың тоннадан 252,7 мың тоннаға дейін ) дейін артқан.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция көлемі 46,8% (213,8 млрд теңгеге) , тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестиция 24,1% (35 ,6 млрд теңгеге дейін) өсті.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,1% артып, 1,1 трлн теңге құрағанын айтқан.


Соңғы жаңалықтар