Қазақстанда жыл басынан бері 25 мың жүкті әйел коронавирус жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жыл басталғалы 25 мың жүкті әйел коронавирус індетіне шалдықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен жұмыс бабымен инфекциялық ауруханаларға жиі барамын. Әрине, оның ішінде коронавируста бар. Сонда жаны қиналып жатқан адамдарды көргенде бұл індеттің өте ауыр екенін түсінесің. Осы орайда айтарым, бұл кезеңдік инфекция емес, сондықтан азаматтардан коронавирусқа атүсті қарамауын сұраймын. Елімізде індет етек жайған кезде жүкті әйелдерге арналған бөлімше аштық. Биыл жыл басынан бері сол бөлімшелерге COVID-19 жұқтырған 25 мың жүкті әйел түсті. Вирус жассың ба, кәрісің бе, жүктісің бе таңдамайды. Қай жерде таралды, сол жердегі барлық адамға жұғады», - деді Ажар Ғиният танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, елімізде жүкті әйелдер мен емізулі аналарға Pfizer вакцинасын салу процесі 15 қарашада басталды.

Осы тұста Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы елордада вакцина алғысы келетін жүкті және емізулі аналардың қатары көп екенін хабарлады.

Сондай-ақ, бүгін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfіzer вакцинасын алып жатқан жүкті әйелдер, емізулі аналар мен жасөспірімдердің жағдайы туралы айтып берген еді.


Соңғы жаңалықтар