Қазақстанда жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс орындары анықталды
2022 жылғы 23 маусым 03:30

Қазақстанда жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс орындары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындар тұрғындар мен мемлекеттік органдардың 60 %-ының назарын аударып отырған проблемаға айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс орындары анықталған.

«Бұл түйткілмен күресу үшін ІІМ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша үшжақты іс-шаралар жоспары бекітілді. Соған сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірінде қалдықтарды заңсыз төгу орындарын анықтау бойынша рейдтер өтті. Мәселен, мамыр айында республика аумағында 31 рейд жасадық. Мұнда Атырау, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарын, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларын қамтыдық», - деп жазды ведомстводан.

Нәтижесінде 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталған. 14 дерекке қатысты (бұл шамамен 88 қалдық нысаны) ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша 153 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 20-дан астам қалдықтар сол жерде жойылды.

Қоқыс тастайтын орындарды анықтау шаралары жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT