+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанда жыл басынан 85 бала терезеден құлап кеткен

2020 жылғы 12 тамыз 12:37
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жыл басынан 85 бала терезеден құлап кеткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жыл басынан бері 85 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім еткендей, құлаған балалардың жасы 1-8 жас аралығында. Салдарынан 8 бала қаза болып, 77-сі ауруханаға жеткізілді.

Бұдан бөлек, суға шомылу кезеңі басталған 1 маусымнан бүгінгі күнге дейін ел бойынша 64 бала суға батып кеткен. Олардың барлығы ересек адамдардың қарауынсыз қалған. Осы уақыт аралығында су айдындарында 24 бала құтқарылған. Айта кетсек, былтыр 82 бала судан ажал құшқан.

ТЖК ақпаратына сәйкес, Қазақстанда өткен бір тәулік ішінде ғана балалардың қатысуымен 5 оқиға болды. Оларда 4 бала қаза тауып, 3-еуі ауруханаға жатқызылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT