+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қазақстанда жүруге ыңғайлы бірегей протез таныстырылды

2019 жылғы 25 қазан 14:21
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жүруге ыңғайлы бірегей протез таныстырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда адамның жүру ерекшелігі бойынша жасалатын заманауи протез аяқ таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы «Республикалық протез-ортопедиялық орталық» АҚ жапон өндірісінің ерекше өнімін ұсынды.

Қазақстанға протез жеткізетін Ресей маманы Михаил Михайловтың айтуынша, протездің жаңа түрі науқастарға үміт сыйлайды. Бұл оларға аяқ-қолы сау адамдар сияқты жұмыс істеуге, отбасын құруға, дамуға, спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.


«Заманауии аяқ протезіне жаңа табан қойылды, ол алдыңғы нұсқалардан ерекше, оның жіліншігі қозғалмалы. Бірегей гидравликалық жіліншік физиологиялық табиғи бағытқа жақындатады. Жаңа протездер инновациялық талшықты шыны материалдардан жасалған, олар берік және ауыр жүктемелерге төтеп бере алады «, - деді ол.


Жаңа протезді таныстыру барысында орталықтың протездеу технигі және пациенті Арман Ыбраев оның сапасына жоғары баға берді.

«Жаңа протез моделі өте ыңғайлы, жылдам қозғалады екен. Мен шынымен де кәдімгідей айырмашылықты сездім. Онымен жүру өте қолайлы. Бұл менің ескі модельдегі алдыңғы протезімнен әлдеқайда жақсы екен», - дейді Арман Ыбраев.



Айта кету керек, жоғары сапалы протездер Қазақстанда республикалық протездік-ортопедиялық орталықта шығарылады. Компания әртүрлі жастағы науқастарға арналған протездік-ортопедиялық өнімдерді жасайды. Жыл сайын орталық 30 мыңнан астам протез өнімдерін шығарады.

Орталықта қазір жапондық өндірушілердің жоғары технологиялық протездері сынақ режимінде көрсетіліп жатыр. Оның құнын жақын арада жапондықтар белгілейді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 49 703 адам протез қолданушы ретінде тіркеуде тұр. Бұл көрсеткіш үнемі өзгеріп отырады. Өткен жылы 15170 адам протездеу және ортопедиядан өткен. Олар протездерді заңға сәйкес мемлекет есебінен тегін алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT