+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

Қазақстанда жүрекке тағы бір инновациялық ота жасалды

2019 жылғы 6 ақпан 10:51
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жүрекке тағы бір инновациялық ота жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық ғылыми кардиоxирургиялық орталық мамандары әлем бойынша алғаш рет тағы бір сәтті операцияны жасады. Оның басты ерекшелігі сол, адамның жүрегіне сымсыз қанайналым құрылғысы орнатылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық басшысы Юрий Пяның айтуынша, жүректің сол жақ қарыншасының көмекші құрылғысы адамға еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Себебі сыртқа ешқандай кабельдер шығарылмайды. Ал қанайналым құрылғысын зарядтау оңай, оның қуаты 8 сағатқа жетеді. Бірегей операция 24 жастағы Исмаил Тұрсыновқа жасалды.

null

«Мен оны ғарышқа ұшқан космонавтқа теңейтін едім. Себебі оған әлем бойынша алғаш рет инновациялық құрылғыны орнату операциясы жасалды. Науқас болып түскенде ол өз бөлмесінен шыға алмайтын, қатты демікпесі болды. Сол себепті үнемі дәрігерлердің бақылауында жүрді. Қазір жағдайы жақсы, далада қыдырады, спорт залда жаттығады, тіпті, бассейнге де түсе алады», - деді Ю.Пя Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

null

Инновациялық құрылғы Израильде жасалған. Оның қызметі кәдімгідей кардиостимулятормен бірдей. Бірақ ешқандай сымдары жоқ. Соның арқасында еркін қозғалып, салауатты өмір салтын ұстануға толық мүмкіндік бар.

«Бұрын денеден сым шығатын жерде бактериялар жиналатын, ол жерді үнемі емдеп отыру қажет. Ал жаңа құрылғыда ондай сымдар жоқ. Үлкен сөмкені бірге алып жүрудің қажеті де шамалы. Адам ешбір кедергісіз жүре алады, душқа түсе алады және тағысын тағы. Аталған аппарат адамның ағзасына толығымен орнатылады. Соның нәтижесінде өмір сүру сапасы да жақсарады», - дейді доктор Мандип Меxра.

Жаңа аппараттың батареясы кеуденің ішінде сол жақта орнатылған. Оны арнайы белбеу арқылы магниттік толқынмен зарядтайды. Ал арнайы қолсағат жүректің соғуын, қанның қысымын және тағы басқа мәліметтерді көрсетіп тұрады.

Ю.Пяның сөзіне қарағанда, алғашқы операциядан кейін Исмаил Тұрсынов дәрігерлердің бақылауында болады. Бәрі сәтті болса, жаңа теxнологияның куәлігін алу жоспарланған. Содан кейін оны тегін медициналық көмектің санатына қосуға болады. Сол кезде инновациялық құрылғыны қазақстандықтарға тегін орнатуға мүмкіндік бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT