Қазақстанда жүрек ауруы жасарып барады - Денсаулық сақтау министрі

None
None
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстанда жылдан жылға жүрек ауруы жасарып барады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр зерттеулер үшін Қазақстанмен даму деңгейі қатар бірқатар елдер таңдалып алынғанын, солардың арасында біздің еліміздегі өлім-жітімнің, ауру түрлері бойынша көрсеткішінің жоғары болып отырғандығын атап өтті. «Мәселен, балалардың шетінеуіне байланысты Қазақстанның көрсеткіші Қырғызстаннан кейінгі орында тұр. Бұл мақсатта баланың шетінеуін төмендету үшін болуы мүмкін жағдайлардың алдын алуға қатысты шараларды тиімді атқарған орынды. Яғни, алдын алу шарасы дұрыс жолға қойылуы шарт. Ал аналар өлімі бойынша Қазақстан Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орында тұр. Дамыған елдердің бұндай көрсеткіші Қазақстаннан әлдеқайда төмен болып отыр. Бұдан басқа, туберкулезбен ауырғандар саны жағынан Қырғызстан бен Өзбекстанның жағдайы да бізге қарағанда тәуірлеу екен. Сонымен бірге, осы ауру түрінен қайтыс болатындардың арасында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде төртінші орында. Ал, жүрек ауруы мен қан қысымына қатысты аурулар Қазақстанның орташа көрсеткіште екендігін көрсетеді. Дегенмен де, бүгінгі күні басты алаңдайтынымыз Қазақстандағы жүрек аурулары  жылдан жылға жасарып барады», деді Ж. Досқалиев. Министрдің айтуынша, өкінішке қарай, дүниежүзінде жүрек-қан тамыры сырқаттарының таралу ауқымы кеңейіп барады. Сондықтан да  Қазақстан алдағы уақытта жүрек-қан тамыры жүйесі сырқаттарына қарсы күреске  басымдық беретін болады.

Соңғы жаңалықтар