Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қазанындағы көрсеткіш бойынша жұмыссыз адамдардың саны 442 мың адамды құраған. Бұл еліміздегі жалпы жұмыс күшінің 4,8 пайызын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми көрсеткіш бойынша, қазан айында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 142,3 мың адам тіркелген. Бұл экономикалық тұрғыда белсенді халықтың 1,6 пайызын құрайды.

Жасырын жұмыссыздықтың деңгейі 2018 жылдың шілде-қыркүйек айларында жұмыс күшінің 0,3 пайызын (23,8 мың адам) құраған.

Республиканың экономикасында берілген баға бойынша 8,7 млн адам (яғни, жұмыспен қамтылған) бар. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде жалдамалы жұмысшылардың саны аталмыш аралықта 6,6 млн адам немесе 75,8 пайыз.

ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ішінде өнімді түрде жұмыс істеп жүргендердің көрсеткіші 89,7 пайызды құраған.

Соңғы жаңалықтар