Қазақстанда жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру төлемі азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қаңтар-тамызында жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру сегментінде жиналған сыйақы көлемі 26,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ranking.kz порталына сілтеме жасап.

2020 жылдың қаңтар-тамызында жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру сегментінде жиналған сыйақы көлемі 26,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға өсті. Міндетті сақтандыру бойынша сыйақының жиынтық көлеміндегі сегмент үлесі 32 пайыздан 33,4 пайызға артты. Бұл ретте есепті кезең ішінде сектордағы сақтандыру төлемінің көлемі 17 пайызға, 3 млрд теңгеге қысқарып отыр. Міндетті сақтандыру бойынша барлық төлемдердегі үлесі 15,9 пайызда 13,9 пайызға дейін кеміді.

Жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру сегментінде жиналған сыйақылардың жартысына жуығы өмірді сақтандыру жөніндегі 2 компанияға ғана тиесілі: «НОМАД Life» (6,7 млрд теңге, 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 16,8 пайызға төмен) және «Халык-Life» (6,3 млрд теңге, 1 жылда минус 28,4 пайыз).

Сыйақы көлемінің ең жоғары өсімін жыл ішінде 42,6 пайыз оң нәтиже көрсетіп, 4,3 млрд теңгеге жеткізген «Еуразия» өмірді сақтандыру компаниясы көрсетіп отыр.

Айта кетерлігі, 2019 жылы еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғадан 1921 адам зардап шегіп, 190 адам қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар