Қазақстанда жүк айналымы 1,5% артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2019 жылғы қаңтар-маусым айларында жүк айналымының көлемі 286,185 млрд тонна-километрді құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 1,5% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде автомобиль көлігінің жүк айналым көлемі 8,7% өсіп, 1,904 млрд тонна жүк тасымалданған (өткен жылдық осы кезеңімен салыстырғандағы өсім - 3,6%).

Биыл қаңтар-маусым айларында жолаушы тасымалдау көлемі 141,081 млрд жолаушы-километрді құраған (+4,5%). Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалдау көлемі 5,2% артып, 11,426 млрд жолаушы тасымалданған (+2,7%).


Соңғы жаңалықтар