Қазақстанда ЖРВИ жұқтыру 20 пайызға өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 2,9 млн жағдайы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық маусым жалғасып жатыр. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 2,9 млн жағдайы және тұмаудың 3 009 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқаттану 20 пайызға өсті. Бірақ желтоқсан айымен салыстырғанда қаңтарда бұл көрсеткіштің төмендегені байқалады», - деді ол Орталық сайлау комиссиясы отырысында.

Оның атап өтуінше, жіті респираторлық вирустық инфекция және тұмау маусымы жыл сайын қазан айынан басталып, сәуір айына дейін жалғасады.

Ағымдағы маусым тұмау вирусының ерте айналымда болуымен ерекшеленеді. Бүгінгі күні тұмаудың 2 түрі - А (А(H3N2), А(H1N1) және В түрлері кездеседі.

«Республикамызда коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық маусымның ағымын ескере отырып, кандидаттарды ұсыну жүргізу кезінде: кандидаттарды ұсыну бойынша съезд, конференция өткізген кезде кең үй-жайды пайдалану; үй-жайда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін; R көрсеткіші бірден жоғары аймақтарда маска режимін сақтауды ұсынамыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар