Қазақстанда жоспарлы медициналық қызмет кезең-кезеңімен жанданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамыз айынан бастап Қазақстан халқына жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңімен жанданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Пандемия кезінде көптеген медициналық ұйымдар COVID-19-ке қарсы күреске қатысты. Халыққа жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету уақытша тоқтатылды. Тамыз айынан бастап, республикалық клиникаларда жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңмен қайта басталады», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі Telegram желісінде.

https://web.telegram.org/#/im?p=@DenMinPR

Енді науқастар саны 50 пайыздан төмен стационарларда бейінді және жоспарлы төсек-орындардың 50 пайызын қайта ашу жоспарлануда.

«Халыққа жоспарлы, соның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен жандандыру бойынша министрлік жоспар әзірледі. Бұл жұмыстар аясы тар салалардың қызмет көрсетуіне және COVID-19-пен күреске медициналық ұйымдардың қатысуы дәрежесіне байланысты жүргізіледі», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар